Бибісара Асаубаева шахмат жарысында жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде сенсация жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол рапидте жарыстың басты фавориті, ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді. Бұл Карякин үшін турнирдегі жалғыз жеңіліс болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева бұған дейін Мәскеудегі жарыста Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар бақ сынасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно сынды гроссмейстерлер бар.