Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors турнирінде топ жарды
Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы халықаралық жарыс мәресіне жетті.
Бұл сынға 14 жастағы жерлесіміз Заңғар Нұрланұлы да қатысқан еді. Ол барлық қарсыалсын айқын басымдықпен ұтып, финалда жергілікті Даниэл Балашекпен жолықты. Тартысты өткен ойында қазақ баласы 6:4, 3:6, 6:2 есебмен жеңіске жетті. Айта кету керек, Заңғар бұндай жетістікке алғаш қол жеткізіп жүр. Ол өткен жылды Tennis Europe рейтингісінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастаған болатын. Былтыр желтоқсанынан бері Заңғар жоғары санатқа ауысып, қазір ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетіп келеді.