Португалияда дзюдодан әлемдік гран-при өз мәресіне жетті
Жарыстың соңғы күні ауыр салмақтағы бәсекелер өтті. Ерлер арасында қазақстандық Дидар Хамза қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Бірақ жерлесіміз кіші финалда венгриялық Ролан Гоздан "ваззари" ұпайымен ұтылды.
Осылайша, Дидар 90 келіге дейінгілер арасында 5-ші орынға тұрақтады. Ал, әйелдер арасында ауыр салмақтағы Камила Берліқаш та дәл осындай мүмкіндікке ие болып, бірақ, оны сәтті пайдалана алмады. Қола жүлде үшін белдесуде нидерландтық Карен Стивенсонға шидо саны бойынша есе жіберді. Нәтижесінде Камила да жалпы есепте 5-ші орынға тұрақтады. Жалпы адғанда жылдың алғашқы жарысы ұлттық құрама үшін сәтті өтті деуге болады. Ел қоржынында 1 алтын мен 2 күміс бар.
Әсіресе әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақта қос қазақ қызы финалда жолығып, отандық дзюдо тарихында болмаған көрсеткішті тіркеді. Оның қорытындысы бойынша Абиба Абужақынова алтын, Ғалия Тынбаева күміс еншіледі. Бұған қоса, орта салмақтағы Жансай Смағұлов та күміс медаль жеңіп алды. Енді Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы сол Португалияда өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады.