Португалияда парадзюдошыларымыз топ жарды
Дзюдошылардың жеңіс жолын паразюдошылар жалғады.
Дәл қазір Португалияның Алмада қаласында парадзюдодан әлемдік гран-при өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні қос бірдей жерлесіміз жеңіс тұғырына көтерілді. Алдымен 60 келіде өнер көрсеткен Ануар Сариев барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Финалда грузин балуанымен жолықты. Шешуші белдесу аса тартысты өтті және ескерту көрсеткіші бойынша жерлесіміз жеңімпаз атанды. Айта кетейік, Ануар өткен Токио Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге қол созған болатын. Артынша тағы бір қазақсандық Олжас Оразалыұлы да чемпион атанды. 73 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз финалда Францияның әйгілі балуаны Петит Натханды жеңді. Дәл осы күні ұлттық құраманың тағы бір үздігі Ерғали Шамей де татамиге шыққан болатын. Бірақ, ол қола жүлде үшін белдесуде қарсыласына есе жіберді. Алмада қаласындағы жарыс 2 күнге созылады.