Дэвис Кубогінде Қазақстан Чилимен іріктеу ойындарын өткізеді
Бүгін және ертең Қазақстан құрамасы әлем чемпиотантына қатысу үшін Ла Серена қаласында Чили құрамасына қарсы Дэвис Кубогінің іріктеу ойындарын өткізеді.
Әдеттегідей жарыс қарсаңында командалар достық кездесу өткізеді, суретке түседі және сыйлықтармен алмасады. Қазақстандық ойыншылар сыйлыққа қамшы тарту етіп, оны қалай пайдалану керектігін айтып берді. Сыйлық иеленушілер ризашылығын білдіріп, біздің теннисшілерге Пасха аралындағы әйгілі шағын мүсіндердің көшірмесін табысталды. Қазақстанның намысын Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және құрама көшбасшысы Александр Бублик қорғайды. Жарысты Тимофей Скатов бастайды. Оның дебюттік жекпе-жегі бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады. Қарсыласы тәжірибелі спортшы Кристиан Гарин. Олардан кейін теннис алаңына Александр Бублик пен Николас Джарри шығады.
Юрий Щукин, теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:
- Жарыс өте қызықты әрі тартысты болады ойлаймын. Біздің ойыншылар жарысқа аса жоғары дайындықпен келді. Сондықтан әр ұпай үшін күресеміз.