Дэвис Кубогі: Тимофей Скатов алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Чилидегі Дэвис Кубогында алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Ел құрамасына жаңадан қосылған спортшы Чилидің үздік теннисшісі – Критиан Гаринді ұтты. 1,5 сағатқа созылған ойында Скатов 6:1 және 6:3 есебімен алға шықты. Матч Ла-Серена қаласындағы «Ла Трентино» стадионында өткен. Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі сетке ұласқан ойында 6:2 есебімен Николас Жарриге есе жіберіп алды.