Дэвис кубогі: Қазақстан чилиден жеңілді
Жерлестердің жолы болмады. Теннистен ерлер арасындағы командалық әлем чемпионаты Дэвис Кубогының іріктеу кезеңі өтті.
Қазақстан құрамасы бұл жолы Чили теннисшілерімен жолыққан. Оңтүістік Америка құрлығында өткен матчтар сериясы алаң иелерінің басымдығымен аяқталды. Алғашқы ойында ұлттық құрама сапындағы Тимофей Скатов жергілікті Кристиан Гаринді жеңіп, өз командасына алғашқы ұпайды алып берді. Бірақ, артынша ұлттық құрама үздігі Александр Бублик чилилік Николас Ярриге күтпеген жерден есе жіберді. Александр қазір әлемдік ретингте 36-шы, ал, Николас 126-шы тұр. Кейін Александр аутсайдер саналған тағы бір жергілікті спортшы, әлемдік рейтингте 102-ші тұрған Кристиан Гариннен де жеңілді. Ал жұптық сында қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов қарсыластарынан жол берді. Қорытынды есеп: 3:1. Осылайша Чили теннисшілері Дэвис Кубогының финалына жолдама алды. Ал Қазақстан құрамасы жарыс жолынан шығып қалды.
Александр Бублик, Ұлттық құрама мүшесі:
- Әрине, өкінішті. Сырт алаңда ойнағасын белгілі бір қиындықтар болды. Біз оны алдын ала сезіп, арнайы дайындық жүргізгенбіз. Бірақ, бәрібір қарсыластарға жол бердік. Ашығын айту керек, бағымыз да, бабымыз да шаппады. Жергілікті спортшылардың мықты екенін мойындаймыз.