Қазақстан спорттық ату түрлерінен Джакартада бірінші орын алды
Қазақстан бірінші орында. Индонезияның Джакарта қаласында спорттық ату түрлері бойынша әлем кубогы мәресіне жетті.
Жылдың алғашқы байрақты бәсекесі жерлестеріміз үшін жемісті болды. Ұлттық құрама қоржынына 10 медаль түсті. Оның 3-еуі алтын. Атап айтқанда шымкенттік Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен нысана көздеуде алдына жан салмады. Ал, әйелдер арасында Арина Алтухова барлық мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, ең үздік нәтижені тіркеді. Бұған қоса, қазақстандық қыздар да командалық сында топ жарды. Пневматикалық винтовкадан нысана көздеу бәсекесінде Александра Ле, Елизавета Безрукова және Анастасия Григорьева үштігі қорғаған болатын. Бұған қоса, ұлттық құрама спортшылары 5 күміс пен 2 қола жеңіп алды. Бұл көрсеткіш жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, Әлем Кубогының қорытындысы бойынша жақсы нәтиже тіркеген спортшыларға рейтинтік ұпайлар таратылды. Дәл осы тізім кейін Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.
Қазақстан теннис құрамасының көрсеткіші нашарлады
Жігіттердің көрсеткіші нашарлады. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы қаңтар айындағы көрсеткіштерді саралап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес, ұлттық құраманың үздігі Александр Бублик 36-шы орыннан 50-ші орыға төмендеді. Ал, Михаил Кукушкин 217-сатыға құлдырады. Тимофей Скатов керісінше тізімдегі көрсеткішін жақсартып, 127-орынға көтерілді. Ал, жұптық сында қазақстандық Андрей Голубев 47-ші, Александр Недовесов 67-ші орында. Айта кетейік, дәл осы жігіттер күні кеше Дэвис Кубогының іріктеуіне қатысып, Чили құрамасына есе жіберген болатын. Әсіресе, үлкен үміт артылған Александр Бублик қос ойында ұтылып қалды. Алдымен рейтингте 126-шы тұрған Николас Ярриге, одан кейін 102-ші тұрған Кристиан Гаринге жол берді. Ал, жоғарылда аты аталған Тимофей Скатов күтпеген жерден сол Кристиан Гаринді жеңді. Бұған қоса, жұптық сына да жігіттер осалдық танытып, жалпы есепте 3:1 есебімен жеңілдік. Сәйкесінше, Қазақстан құрамасы жарыс жолынан шығып қалды. Әлімдік рейтингтік көш басына сербиялық Новак Джокович жайғасса, үзқдік үштікті испандық Карлос Алькарас пен грекиялық Стефанос Циципас түйіндеп тұр.
Қарағандыда джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті
"Karagandy Open". Дәл осындай атамен Қарағандыда джиу-джитсудан халықаралық турнир өтті. Жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын байрақты бәсекеге бұл жолы мыңға жуық спортшы жиналды. Яғни, Қазақстаннан өзге АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Үндістан мен Әзірбайжанның өкілдері келді. Ең жас қатысушы – 5 жаста. Жарыс балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер, тіпті, ардагерлер арасында да болды. Олар 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Айта кетейік, аталған спорт түрі елімізде қазір қарқынды дамып келеді және әлем бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен кейін 2-ші орында тұрмыз дейді мамандар. Алдағы уақытта да турнирді бұдан жоғары деңгейде өткізіп, болашақ чемпиондар даярлығына ерекше ден қою жоспарланып отыр.
Аян Шермағанбетов, джиу-джитсу федерациясының ҚОФ президенті:
- Біздің балалар мен жас спортшылар үшін осындай жарыстарды өте әдемі деңгейде өткізуге тырысып жатырмыз. Қазір Орта Азияда бірінші тұрған біз. Оны мен сеніммен айта аламын. Біз енді әлемдік деңгейге бара жатырмыз.