Түркияда спорттық сайыстар тоқтатылды
Жарыстар толық тоқтатылды. Түркияда табиғи апатқа байланысты жоспардағы спорттық шаралар әзірге өткізілмейді.
Бұл жөнінде елдегі жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоглу мәлімдеді. «Байрақты бәсекелер қайта жанданатын уақытты қосымша хабарлаймыз деді» ведмоство басшысы. Ал футболдан Түркия чемпионатының мачтары қашан жалғасатыны белгілі. 7-ші және 12-ші ақпан аралығында өтуі тиіс матчтар 17-ші және 20-шы ақпанға ауыстырылды деп хабарлады жергілікті футбол федерациясы. Ал халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, өз тарапынан және халықаралық ұйым тарапынан қолдан келгенше барынша қолдау танытанынын жеткізді.
Айта кетейік, Түркия мен Сирияда қатты жер сілкінісі болып, 6 мыңға жуық адам қаза тапты. Ондаған мың адам жарақат алды. Олардың арасында спортшылар да бар.