Ұлттық құрама Азия чемпионатында топ жарды
1 алтын, 1 күміс және 1 қола. Азия чемпионатының кезекті күні ұлттық құрама қоржыны осындай жүлделермен толықты.
Жабық кешендегі құрлықтық дода дәл қазір елордада өтіп жатыр. Оған 30 елден 400-ге жуық спортшы жиналды. Жарыстың кезекті күні 400 метрге жүгіруден медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер арасында ел намысын Элина Михина қорғады. Ол аталған аралықты 54.07 секундта бағындырып, Азия чемпионы атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде жерлесіміз Михаил Литвин күміс жүлдеге қол созды. Ол басты бәсекелесі қатарлық Амар Исмаил Ибраһимнен бірнеше мили-секунтдқа қалып қойды. Ал орта қашықтықтағы бәсекеде алматылық Ақбаян Нұрмамет сенсация жасады. Қазақ қызы 1 мың 500 метрді 4 минут 21.31 секундта бағындырып қола жүлде еншіледі. Алтын мен күміс, сәйкесінше, Вьетнам және Жапония қыздарына бұйырды. Елордадағы Азия чемпионаты бүгін де жалғасады.
Айта кеткен жөн, Қазақстанда бұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет өтіп жатыр.