Өскемендік хоккейші қыздар бабында
Хоккейден әлем чемпионатын бағындырған қазақстандық жасөспірім қыздар командасы енді екінші дивизионның А тобына өту мүмкіндігін алғаны белгілі.
Сондықтан қазір олар жатпай-тұрмай жаттығу шараларына кірісіп кеткен. Жергілікті хоккей мектебінің тәрбиеленушілері де Оңтүстік Кореяда өтетін әлемдік біріншілікке қатысуға қам жасап жатыр.
Үстінде 20 келі салмақтағы арнайы киім болса да, хоккей шайбасын қапы жібермеу бұл қыздар үшін үйреншікті жағдай. Бүгін Өскемендік «Торпедо» хоккейшілері қазақстандық жасөспірімідер құрамасының базасын қалыптастыруда. Нәзік жандылар осал емес. Олар әлем чемпионатын мойындатып қайтқан спортшылар.Жасөспірімдер командасына еңбек сіңірген спорт шебері Мария Феодоренко жетекшілік етеді.Оның екі бірдей шәкірті Катрин Мескини мен Полина Яковлева ересектер арасындағы әлемдік додаға қатысуға шақыртуалып отыр.
Катрин Мескини, ҚР хоккейден әйелдер құрамасының хоккейшісі:
- Бізге ойын уақыты аз берілсе де, өзімізді толық деңгейде көрсетуге тырысатын боламыз. Сол үшін бәрін бастан аяқ үйрендік.
Бұл қыздардың жүрегі нәзік болғанмен, көтерген жүктері ауыр. Үнемі шынығып денесін де, ойын да сергек ұстайды.
Қыздар зілтемірді де ұршықша иіреді. Осындай ауыр жаттығулардан кейін де шаршауды білмейді.Бірден велоқұрылғыға отырады. Құраманың әлем чемпионатында алтын медаль иеленуі осы бір төзімділік пен жауапкершілік арқасында болса керек.
Мария Федоренко, жасөспірімдер арасындағы қыздар құрамасының бас бапкері:
- Біздің алғашқы мақстамыз топқа оралу болатын. Сондықтан екі мәрте оқу жаттығу шарасын өткіздік.Ол жерде барлық әдіс-тәсілді пысықтап шықтық десем де болады.
Жеңіс жалғасын табу қажет. Сондықтан босаңситын кез емес дейді хоккейші қыздар. Оның үстіне еліміздегі әйелдер құрамасының үлгі аларлық жеңістері жетерлік.
Авторлары: Эльмира Ахметова.Вячеслав Ветлугин Дмитрий Пыхтин