Азия чемпионатында спортшыларымыз биікке секіріп, 3 медаль иеленді
Азия біріншілігінде әйелдер арасында биіктікке секіруден барлық жүлделі орын Қазақстан спортшыларына бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ең үздік нәтижені Надежда Дубовицкая көрсетті. Оған есе жіберген Кристина Овчинникова күмісті місе тұтса, үштікті Елизавета Матвеева түйіндеді. Мұндай жағдай Азия чемпионаты тарихында алғаш рет болып отыр. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде бар.