Азия біріншілігінде эстафетадан қазақстандық ерлер құрамасы алтын медаль иеленді

Азия біріншілігінде эстафетадан қазақстандық ерлер құрамасы алтын медаль иеленді

Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс және Михаил Литвин 3 минут 9,15 секунд нәтижесімен ел қоржынына кезекті медаль әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, ұлттық рекорд жаңарды. Екінші орынға 3 минут 9,26 секунд нәтижесімен Қатар елінің командасы жайғасса, үшінші орын мәреге 3 минут 34 секундта жеткен Тәжікстан құрамасына бұйырды.