Головкинге қатаң жаза қолданылды

Головкинге қатаң жаза қолданылды

Головкинді  рейтингтен алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық боксшының соңғы шешіміне қатысты қатаң шара қолданды.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Генадий Головкин IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін қайтарған болатын. Оған себеп – жерлесіміздің чемпиондық атаққа үміткер Эскиво Фалькаомен кездесуден бас тартуы. Бұған дейін қос мықты арасындағы айқас наурыздың соңында өтеді деген ақпарат тараған. Халықаралық бокс федерациясы әлемдік рейтингті жаңартып, тізімнің басына жоғарыда сөз болған Эскива Фалькаоны көтерді. Екінші орында австралиялық Майкл Зерафа болса, үздік үштікті әзірге германиялық Винченцо Гуальтьери түйіндеді. Сәйкесінше бос тұрған IBF чемпиондық белдігі үшін енді Фалькао мен Зерафа жұдырықтасуы мүмкін. Ал Головкин тағы бір чемпиондық белдігін қорғауға міндетті. Яғни, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа үміткер кубалық Эрисланди Ларамен жолығу қажет. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы тараптарға 15 күн берді. Егер осы аралықта келісе алмаса, жерлесіміз WBA Super белдігін де қайтаруға мәжбүр болады.