Қызылордада ҰҚК Кубогі үшін қазақ күресінен жарыс өтті

Қызылордада ҰҚК Кубогі үшін қазақ күресінен жарыс өтті

Қызылорда қаласында Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің кубогі үшін қазақ күресінен жарыс өтті. 

Жарысқа 24 команда қатысты. Барлығы 120 адам боз кілем үстінде күш сынасты. Сондай-ақ алғашқы рет «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Барысы» атағы сарапқа салынды. Палуандардың белдесуі тартысты өткендігін айта кеткен жөн. Әр салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медальмен және ақшалай сертификатпен марапатталды. Игі шара наурыздың 1 мен 3-і аралығында ұйымдастырылды.