Астана медицина университетінің студенттерін кәсіби спортшылар жаттықтырады
Астана медициналық университетінің студенттері мен ұстаздарын Олимпиада чемпиондары мен атақты рекордсмендер жаттықтырады.
Бұл туралы университет қабырғасында ашылған жаттығу залын пайдалануға беру кезінде белгілі болды. Тың бастама «Салауатты университет» жобасы аясында жүзеге асырылады. Спортшылар кестеге сәйкес жастарға шеберлік сағатын өткізіп отырады. Бүгін олар жоғары оқу орнымен арнайы меморандумға қол қойып өзара келісімге келді.
Арман Сүлеймен, ҚР Спортшылар одағының мүшесі:
- Өзіміз графикті қойып қоямыз да келіп консультация жасап. Мысалы, бір студентке бокс болса, біреуіне ауыр атлетика. Сол жағынан көмегімізді келтіреміз. Болашақта небір бағдарламалар дайындап жатырмыз. Сол реабилитация жағынан спортшылар медицинаның ғылыми зерттеулерін дамытуына және зерттеулерге үлесімізді қосуға дайынбыз.