ЧЛ: «Челси» «Боруссияны» жеңді

ЧЛ: «Челси» «Боруссияны» жеңді

«Челси» «Боруссияны» жеңді.

Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні жанкүйерлер тағатсызадана күткен мачтардың бірі болды. Лондондық Челси өз алаңында дортмундттық Боруссияны қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірақ, бұл нәтиже көпшіліктің көңілін көншітпеді. Алғашқы гол 43-й минутта соғылды. Авторы - Рахим Стерлинг. Араға 10 минут салып қонақтар қапасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Негізгі дау да осы жерде туындады. Яғни, алаң иелері сапындавғы Кай Хаверц  допты қақпаның бағанасына тигізіп,  мергендігімен көзге түсе алмады. Кейін төрешілер бейнеқайталауға жүгініп, оған тағы бір мүмкіндік берді. Матч соңына дейін таблодағы нәтиже өзгермеді. Ал Германияда өткен ағлашқы ойында 1:0 есебі тіркелген болатын. Яғни, қос кездесу қортыднысы бойынша Челси ширек финалға жолдама алды. Ал дортмунттық клуб жарыс жолынан шығып қалды. Бұған қоса, ширек финалға лиссабондық «Бенфика» да шықты. Португалиялық клуб бұл жолы бельгиялық Брюггемен жолығып, қос ойында да айқын жеңіске жетті. Жалпы есеп: 7:1. Келесі кезеңге өткен командалардың жеребе тарту рәсімі 17-ші наурызда болады.