Ж. Әлімханұлы: Менен бәрі қашады

Менен бәрі қашады. Мен - орта салмақ патшасымын.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы осындай мәлімдеме жасап, бокс жұлдыздарын жекпе-жекке шақырды және кез-келген кездесуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік. Жәнібек наурыздың басында америкаға аттанып, қазір сол жақта дайындықты пысықтап жатыр. Ал кезекті қарсыласы британиялық Лиам Смит болуы мүмкін. Бүкіләмдік бокс ұйымы қос спортшығы да жекпе-жекке шығуды міндеттеді. Өйткені, Лиам WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа негізгі үміткер саналады. Ал белдіктің өзі қазір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының еншісінде. Оны былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде тағы бір британдық Дензель Бентлиді жеңіп, чемпиондық белдікке лайық екенін дәлелдеді. Осының арқасында  кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 13 жекпе-жек, 13 жеңіске жеткізді. Ал Лиам Смит 19 жекпе-жекте 16 рет жеңіске жетті. Қос мықты арасындағы кездесудің қашан және қайда өтетіні туралы әзірге ресми ақпарат шықпады.