Хоккейден Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр
Жарыс жолында 4 команда қалды. Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазазқстан чемпионаты жалғасып жатыр.
Күні кеше плей-офф кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққан клубтар белгілі болды. Әсіресе, елордалық Номад пен көкшетаулық Арлан 7 бірдей кездесу өткізіп, шын мықтыны әрең анықтады. Соңғы, яғни, шешуші матч Астанада болды және алаң иелері 5:0 есебімен жеңіске жетті. Номад сапынан Александр Пелевин, Дмитрий Гурков және Эмиль Нұрғалиевтер мергендігімен көзге түсті. Ал, Максим Мухаметов дубьлдің авторы атанды. Кездесулер сериясының қорытындысы бойынша 4:3 есебімен «Номад» алға шықты және жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Елордалық клубтан бөлек жартылай финалда қарағандылық Сарыарқа, атыраулық Бейбарыс және ташкенттік Хумо өнер көрсетеді. Жеребе тарту нәтижесінде Сарырақа мен Номад кездесетін болды. Оған паралель Бейбарыс пен Хумо тағы бір финал жолдамасын сарапқа салады. Бұл кездесулер сериясы да бір команданың 4 жеңісіне дейін жалғасады. Ал ішкі біріншіліктің өзі сәуір айында мәресіне жетеді.