Таразда жол саласы мамандары арасында мерекелік жарыс ұйымдастырылды
Таразда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жол саласы мамандары арасында жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
50-ге жуық жол сапасын қадағалаушы Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан жиылған. Жол саласының қызметкерлері кір тасын көтеріп, ләңгі тепті. Сонымен қоса қатысушылар асық атып, арқан тартып мерекенің көркін қыздырды. Бауырсақ пен наурыз көже пісіріліп, қонақтарға үлестірілді. Аймақта алғаш рет өткен мерекелік сайыс алдағы жылдары да жалғасады.
Ахметжан Бименов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Жамбыл облыстық филиалының инженері:
- Кеше Көрісу күні болды. Мынау көптен көрмеген әріптестерімізбен бүгін көрісіп жатырмыз. Бүгін – Тағзым күні. Тағзым күніне байланысты әріптестерімізбен бірге мына тарихи өлкелерге Тараздағы тағзым етсек деп жатымыз.