Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова дауыс берді
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өз дауысын берді.
Спортшы бұған дейін де мұндай саяси науқандардың ешбірінен тыс қалған емес. "Қайда жүрсем де азаматтық міндетіме үлкен жауапкершілікпен қараймын" дейді ол. Байрақты бәсекеде талай рет ел туын желбіреткен, жеңіл атлет биыл үлкен спортпен қош айтысқан болатын. Ал бүгін туған өлкесіндегі № 2 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.
Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:
- Елімнің болашағы мен үшін үлкен маңызға ие, сондықтан міне келіп дауыс беріп шықтым. Әрине бірден бес бюллетень берілген жағдай болмаған еді бұрын. Бірақ мен бұны алдын ала білгенмін, барлығы түсінікті болды. Өз таңдауымды жасадым.