Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды
Елена Рыбакина тұңғыш рет Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстандық теннисші финалда белорус Арина Соболенконың осал тұсын тауып, Австралия ашық біріншілігінде кеткен есесін қайтарды. Есеп: 7:6, 6:4.
Мастерс санатындағы жарыстың мәртебесі жоғары. Осы жеңістен кейін Рыбакина әлемдік рейтингте жетінші сатыға көтеріледі. 23 жастағы жерлесіміз АҚШ-тағы турнирден 570,4 млн теңге қомақты сыйақы да алады.