Құсбегілер федерациясы сайлауға қатысып, дауыс берді

Құсбегілік федерациясының өкілдері де сайлауға қатысып, дауыс берді.

Олар өз кәсібін танымал ету үшін учаскеге қаршыға құсын алып барған. Бұл өз таңдауын жасауға келгендер мен  халықаралық мамандардың таң қалдырды. Себебі осы мезетте № 381 сайлау учаскесінде Эстония мен Нидерланды мемлекетінен келген байқаушылар отырған. Еске салсақ, қазір елде 200-ге жуық кәсіби құсбегі бар. Олар тек ел ішінде ғана  емес, халықаралық жарыстарда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Базарбек Күнтуғанұлы, құсбегіліктен Қазақстанның аға жаттықтырушысы:

- Бәрі таңқалып жатыр, бұрын-соңды болмаған жағдай деп ойлаймыз. Қазақстандағы әр сала өздерін насихаттап жатса, біз өзіміздің құсбегілігімізді насихаттай келдік. Құсбегілер өз таңдауымызды жасадық десек болады.