Нью-Дели қаласында 2 боксшымыз финалға шықты
2 боксшымыз финалға шықты.
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні жартылай финалдық кездесулер өтті. Бұл кезеңде 6 бірдей боксшымыз жолдама алған еді. Араларынан 57 келідегі Карина Ибрагимова өте сәтті өнер көрсетіп, 2 дүркін әлем чемпионы тайпейлік Линь Юйтинді жеңді. Айта кету керек, қос мықты былтыр Стамбулда өткен әлем біріншілігінің финалында да кездеске боалтын және ол кезде жерлесіміз жеңіліп қалды. Бұл жолы Карина кеткен есені қайтарып, алтынға таласуға мүмкіндік алды.
Карина Ибрагимова, Ұлттық құрама мүшесі:
- Бұған қоса, аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева да финалға шықты. Ол соңғы жекпе-жегінде әзірбайжандық Айнұр Рзаеваны ұтты. Айта кету керек, екеуі бұған дейін 3 рет жолыққан және 3-еуінде де жерлесіміз жеңіске жеткен. Ләззат, тіпті, 2016 жылы әлем чемпионы атанған еді. Енді осы жетістігін қайталағысы келеді.
Ләззат Күнгейбаева, ұлттық құрама мүшесі:
- Сонымен қатар, 4 боксшымыз жартылай финалда ұтылып, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай өз салмқатарында үздік үштікті түйіндеді. Нью-Дели қаласындағы дүниежүзілік дода 26-шы наурызға дейін жалғасады. Оған 60 елден 300-ден аса спортшы жиналды. Тіпті, шектеулерге қарамастан Ресей мен Беларусь құрамалары да бұл жолы толыққанды қатысуға мүмкіндік алды. Халықаралық бокс федерациясының осы шешіміне Америка және Еуропа елдері қарсы шығып, жарысқа мүлде келмей қойды. Бұған қоса, биыл жеңімпаздарға берілетін сыйақы да артты. Мәселен, бірінші орынға 100 мың, екінші және үшінші орындарға, сәйкесінше, 50 және 25 мың АҚШ долларынан қарастырылған.