Еуро-2024: Қазақстан Словениядан ұтылды

Еуро-2024: Қазақстан Словениядан ұтылды

Қолда тұрған жеңісті жіберіп алды.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу басталды және Қазақстан алғашқы мачта Словения құрамасымен кездесті. Астана-аренада өткен ойын аса тартысты басталды. Ал есеп 24-ші минутта ашылды. Ұлттық құрама сапындағы Максим Самородов мүмкіндігін мүлт жібермеді. Қонақтар тек 2-ші таймда таразы басын теңестірудің амалын тапты. 47-ші минутта Давид Брекало мергендігімен көзге түссе, ал, 78-ші минутта Давид Брекало, тіпті, өз командасын алға шығарды. Қорытынды есеп: 2:1. Нәтижесінде Магомед Адиев баптайтын жігіттер 0 ұпаймен әзірге өз тобының 4-ші сатысында тұр. Словения бір саты жоғары орналасты. Бұнда бас-аяғы 6 команда бар және Қазақстан келесі матчын тізімнің басында тұрған Данияға қарсы өткізеді. Келесі кзедесу 26-шы наурызда тағыда Астанада өтеді.

Айта кетейік, Дания алғашқы ойында Финляндияны 3:1 есебімен ұтты.