Астанада көркем гимнастикадан ашық чемпионат ұйымдастырылды
Су жаңа спорттық кешендегі алғашқы жарыс.
Жуырда ғана елордадағы көркем гимнастика шеберлеріне жаңа жаттығу залы беріліп, инрфақұрылымға қатысты мәселе шешілген болатын. Енді, міне, сол жерде алғаш рет қалалық ашық чемпинат ұйымдастырылды. Жыл сайын тұрақты өткізілетін жарысқа 300-ден спортшы қатысып, 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Үміткерлер бірнеше жас деңгейі бойынша және гимнастиканың бірнеше бағыты бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салмақ. Оның қорытындысы бойынша қалалық құрама жақсаталып, алдағы халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларға кешенді дайындықты бастайды.