Жәнібек Әлімханұлы Калифорния штатында чемпиондық белдігін қорғайды

Жәнібек Әлімханұлы Калифорния штатында чемпиондық белдігін қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 13 мамырда шаршы алаңға шығады. Бұл жөнінде Top Rank промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады.

Жекпе-жек кеші АҚШ-тың Калифорния шататында, нақытрақ айтсақ, Стоктон қаласында өтеді. Жәнібек бұл жолы канадалық Стивен Батлермен жолығады. Кейінгісі 27 жаста және бүгінге дейін 36 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның 32-ісінде жеңіске жеткен.

Жәнібектің көрсеткіші – 13 жекп-жек, 13 жеңіс. Осының арқасында WBO тұжырымы бойынша орта салмақ чемпионы атанды. Бұл атақты былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде британдық Дензель Бентлиді жеңіп, белдікке лайық екенін дәлелдеді. Жәнібек тура 1 ай бұрын америкаға аттанған болатын. Қазір кешенді жаттығу өткізіп, физикалық шеберлігін шыңдап жатыр.