Алматыда волейболдан студенттер лигасы өтіп жатыр
Алматыда волейболдан студенттер спорт лигасы өтіп жатыр.
Қаладағы барлық жоғарғы оқу орындарынан келген 17 команда 3 күн бойы өзара күш сынасып, жеңімпаздар Түркістанда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен спорттың 10 түрінен осындай сайыстар ұйымдастырылады. Кеше волейболдан қыздар командалары арасындағы сайыста Қазақтың спорт және туризм академиясының бұрым-дылары топ жарды. Ал Асфендияров атындағы Медицина университеті екінші орыннан көрінсе, Абай атындағы педагогикалық университтің студенттері қола жүлдені қанағат тұтты. Жекелей номинация бойынша Исмаил Толғанай үздік қорғаушы атанса, Алуа Лесбек үздік үйлестіруші, ал Мәдина Орынбек үздік ойыншы атанды. Жігіттер арасында әзірге Қазақ спортының қара шаңырағы, қарсылас шыдатар емес.
Ғазиз Тілеубеков, жарысқа қатысушы:
- Ойын жылдан жылға тартысты өтуде. Қарсыластардың барлығы бір деңгейде мықты. Мысалы, жаңағы алдыңғы ойында Нархоз командасымен ойнаған ойын өте тартысты болды. Ешқандай осал команда жоқ. Алдағы ойын ҚазҰУ командасымен. Бұйырса, жеңеміз деп ойлаймыз.