Елордада шахматтан әлем чемпионаты басталады
Зияткерлік сайыстың бас жүлдесін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстан әлемдік бәсекені алғаш рет қабылдап отыр. Бұл біріншілік Мексикада өтуі тиіс еді, алайда тараптар келісімге келе алмады. Кейін таңдау Астанаға түсіпті. Әлем чемпионатының жалпы ұтыс қоры 2 млн еуроны құрайды. Қаржының 60%-і жеңімпазға беріледі. Қалғанын екінші ойыншы еншілейді.
Шахмат тәжінің иегері 14 партияда анықталады. Алғашқы 40 жүріске 120 минут уақыт беріледі. Келесі 20 жүріс 60 минуттан тұрады. Қалған жүрістерге 15 минут тиесілі. Егер таразы басы тең болса, қарсыластар рапид ойнайды.