Лэмпард «Челси» ФК бас бапкері болып тағайындалды
Френк Лэмпард «Челси» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Лондондық клубтың хабарлауынша, тараптар маусым соңына дейін келісімшартқа отырған. Ағылшын жаттықтырушысы «Челси» сапында қатарынан 13 жыл доп тепкені белгілі. Лэмпард гол саны жөнінен көк жейделі команданың рекордсмені саналады. Бұл жолы ол екінші мәрте команда тізгінін ұстады. Френк Лондондық клубта 18 ай жұмыс істеп, 2021 жылы қаңтарда қызметінен кетті. Биыл «Челсидің» ойыны сұйылып кетті. Команда премьер-лигада 11-ші орында келеді. Ендігі бар үміт Чемпиондар лигасында. Ағылшын клубы Еурокубок додасының ширек финалында Мадридтің «Реалымен» кездеседі.