Қонаев қаласында пауэрлифтингтен ел чемпионаты өтіп жатыр. LIVE

Қонаев қаласында алғаш рет пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Оған жасөспірімдер, қыздар мен әйелдер, спорт шеберлері мен ардагерлер қатысып жатыр. Жалпы жарыста  500 спортшы бақ сынайды.

Алмас Сәдуақас, тілші:

- Қонаевтағы орталық спорт кешенінде өтіп жатқан ел чемпионатына еліміздің барлық облысынан спортшылар келді. Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер өнер көрсетті. Жалпы, бұл спортпен 12 жастан айналысуға болады, - дейді мамандар. Содан кейін қыздар мен әйелдер арасында бәсеке өтті.

Ал бүгін ерлар арасында жарыс тартысты өтіп жатқанын айта кетейік. Пауэрлифтингтің топтық жарысы 3 түрлі жаттығудан тұрады. Онда споршы зілтемірді  жатып кеудеден иетерді, зілтемірмен  отырып тұрады және жерден жұлып алу керек. Бүгінгі жарысқа халықаралық дәрежелі спорт шебері, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, рекорд орнатушы Аман Қапышов та қатысып жатыр.

Аман Қапышов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Спортты насихаттап осылай, пауэлифтингтін қандай екенін көресетіп, жаңадан ашылып жатыр ғой Қонаев қаласында пауэрлифтинг. Қанымызда бар ғой темір деген. Бастадық па, аяқтауымыз керек. Өзімізге ұнайды. Бұл спортқа келген адам оны тастап кете алмайды. Өйткені жібермейді спорт.

Жалпы, елімізде осы спорт түрімен  тұрақты 2 мың адам айналысады екен. Бірақ кейінгі кезде жастар арасында зілтемір көтеруге қызығып жатқандардың саны артып келеді. Бұл спорт әсіресе Павлодар мен Шымкент қалаларында жақсы дамыған, - дейді ұйымдастырушылар. Бүгінгі жарысқа жетпістен асқан ардагерлерде бір кісідей қатысып, жүлделі орындарға таласып жатыр. Сөз соңында айта кетейік ел чемпионатында топ жарған мықтылар Индияда өтетін Азия чемппионатына жодама алады. Біз спортшыларымызға жеңіс тілейміз!