Шавкат Рахмонов болатты балқытып, өз қолымен құйып көрді
Әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап жүрген Шавкат Рахмонов «АрселорМиттал Теміртауға» барып, металлургтермен кездесті.
UFC-де қарсылас шақ келтірмей жүрген спортшы болаттың қайнауын, шойынның құйылуын өз көзімен көргісі келіпті. Ал комбинат өкілдері Шавкатқа арнап арнайы медаль тақты.
Сондай-ақ ол құрыш қаладағы өзгеде жанкүйерлерімен жүздескен.
Домендік цех. Мыңдаған градус. Шавкат Рахмонов алғаш рет өз қолымен шойын сынамасын құйып отыр. Бұл да шаршы алаңда қарсыласпен бетпе-бет келгендей дейді ол. Себебі жоғары төзім, жылдам ойлау керек. Әйтпесе қауіп те, қатер де басым.
Мұнан соң компания жұмысшыларымен жастар спорт жұлдызымен кездесіп қолтаңба алды. Шавкат шағын қаланың өзінде осынша жанкүйері бар екеніне таң – тамаша болғанын жасырмайды.
Вячеслав Слуханчев, жас спортшы:
- Анам бүгін бізге Шавкат келеді деген. Оны ести салып, еріп келдім. Чемпионды бетпе-бет көрген кезде қатты толқыдым. Себебі менде ММА-ға қатысып, ержесіз жекпе-жектен чемпион болғым келеді.
Алып комбинатта істейтін мыңдаған жұмысшының арасында тәжірибелі спортшылар да бар. Компания басшылығы Шавкаттың келуі сол спортшыларға да күш-қуат береріне сенімді.
Владимир Яблонский, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры:
- Шавкат сіз спортшы ретінде әр жеңістің қаншалықты маңдай термен келетінін жақсы білесіз. Біздің жұмыста да жетістік оңай келмейді. Мұнда команданың мықты болғаны маңызды. Біздің ұжым - өз ісін сүйетін, шеберлерден құралған. Осының нәтижесінде біз қандай кезеңді бастан өткерсек те тұрақты даму қалпында келе жатырмыз.
Қарағанды өңірі Шавкат үшін бөтен емес. Ол ұзақ жыл осы жерде жұмыс істеп, алғашқы дайындықтарын жүргізген.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар