«Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарысына 2 млн-нан астам оқушы қатысқан

Биыл Ұлттық мектеп лига ойындары спорттың 10 түрінен өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, өрендер баскетбол, футзал, волейбол, гандбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетикалық кросс, тоғызқұмалақ, бес асық ату сияқты сайыстарда өзара сынға түсті. Биылғы оқу жылында мектепішілік, аудандық, қалалық кезеңдерге 2 млн-нан астам оқушы қатысқан. Аймақтарда өткен сайыс жеңімпаздары ақтық кезеңге жолдама алды. Енді 5 мың оқушы Астана мен Алматы қалаларында және Павлодар облыстарында өтетін қорытынды бәсекеде бақ сынайды.