Каратешілер Канададан олжалы оралды
1 күміс және 2 қола. WKF каратэ бойынша әлемдік аламаннан жерлестеріміз осындай олжамен оралды.
Series A санатындағы турнирді Канаданың Ванкувер қаласы қабылдады және оған 64 елден 700-ге жуық спортшы қатысты. Әсіресе, жерлестеріміз арасынан 55 келіде өнер көрсеткен Гүлмира Үсенова финалға дейін жетіп, соңғы сында жергілікті Хана Фуртумото-Дешайеске есе жіберді. Ал, 68 келідегі Нұрия Тізімбай қола жүлдегер атанды. Кейін оның жеңіс жолын ерлер арасында Әбілмансұр Батырғали жалғады. Ол 75 келіге дейінгілер арасында айқасқан болатын. Айта кету керек, әлдемдік аламан каратэнің WKF бағыты бойынша, яғни, халықаралық олимпиадалық комитет мойындаған бағыты бойынша өтті. Series A санатындағы жарыстың алда тағы 2 кезеңі бар. Олар Кипр және Португалия елдерінде ұйымдастырылады. Нәтижесінде осылай үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға рейтингтік ұпай беріліп, алдағы уақытта Премьер-лига жарыстарына қатысуға мүмкіндік ашылады.
Қазақстан 7-орында. Теннистен Билли Джин Кинг кубогінің финалына шыққан ұлттық құрамамыз әлемдік рейтингтегі жағдайын да жақсартты. Яғни Елена Рыбакина бастаған қыздар 3 саты жоғарылап, 7-сорныға тұрақтады. айта кету керек, бұндай жетістікке жерлестеріміз алғаш рет жетіп тұр. Осының арқасында Қазақстан Италия,Германия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания және АҚШ сияқты азулы командалардың алдына шықты. Топ басында Швейцария құрамасы. Үздік үштікке Ауыстралия мен Испания кіреді. Еске сала кетейік, әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өткен аптада елордада болды және оның аясында Қазақстан мен Польша құрамалары кездескен еді. 2 күнге созылған матчтар сериясы нәтижесінде жерлестеріміз 3:1 есебмен алға шықты. Сәйкесінше Билли Джин Кинг кубогының финалына жолдама алды. Ақтық сын қараша айында өтеді. Ал оны қабылдайтын мемлекет әзірге белгісіз. Айта кетейік, қазақстандық қыздар былтыр да финалда өнер көрсетті. Бірақ, соңғы сында топтық кезеңнен аса алмады.
Бір күндік демалыстан кейін жарыс қайта жанданады. Дәл қазір Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр. Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Қос мықты бүгінге дейін 6 партия өткізді және есеп әзірге тең. 3:3. Сәйкесінше, бүгінгі ойынды көпшілік асыға күтіп отыр. Матч елорда уақытымен түскен кейін басталады. Қос шахматшы дәл осылай 14 мәрте жолығуы қажет. Негізгі бәсекеге паралель отандық шахматышлар қатысуымен семинарлар мен жарыстар өткізу де жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл бәсекеге 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен қатысып, өз атағын қорғауы керек еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты жарысқа қатысудан бас тартты. Бірақ Астанаға келіп, әлемдік аламанды өз көзімен көруі мүмкін. Әлеуметтік желідегі парақшасына жуырда осындай мазмұндағы жазба қалдырды.