Оңтүстік Кореяда хоккейден әлем чемпионаты басталды

Оңтүстік Кореяда шайбалы хоккейден әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. «А» тобына шығуды көздейтін Қазақстан құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Кореямен ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқы матчта Виктория Сазонованың шәкірттері Ұлыбританиядан жеңіліп қалды. Британдықтар кездесу тағдырын шешкен жалғыз шайбаны үшінші кезеңде соқты. Қарсыластың сансыз соққыларына ұлттық құраманың қақпашысы Арина Щеколова тойтарыс бергенін айта кетейік. Бас бапкер Виктория Сазонованың айтуынша, біздің құрама 60%-ке жаңарған, көптеген ойыншылар әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр.

Виктория Сазонова, шайбалы хоккейден ҚР әйелдер құрамасының бас бапкері:

- Өкінішке қарай, төрешінің сәл біржақтылығы болды, сондықтан  қарсыластарымыз бізге айып добын соқты. Бұл біздің қақпашымыздың жалғыз сәтсіздігі болса керек. Ол ең жақсы ойын көрсетті және қарсыластың қақпаға бағытталған барлық шабуылдарына тойтарыс берді.