Қазақстанның хоккейден әйелдер құрамасы Словениямен кездесті

Қазақстанның хоккейден әйелдер құрамасы әлем чемпионатының екінші турында Словениямен кездесті.

Жерлестеріміз тартысты ойында қарсыласқа 2:1 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде словения шабуылшысы шайба соқты. Үшінші кезеңде біздің команда есепті теңестірген еді. Дегенмен көп ұзамай тағы есе жіберді. Ойынның соңына дейін жерлестеріміз толасыз шабуылдап, словения қақпасын көздеген еді. Алайда жеңіске жете алмады. Осылайша Қазақстан құрамасы екі турдан кейін екі жеңіліспен турнир кестесінің көш соңында қалды. Алайда жоғарыдан көрінуге мүмкіндік әлі де бар. Біздің қыздар алдағы күндері Италия, Польша және Корея құрамаларымен кездеседі.