ЧЛ: «Мансити» «Баварияны» ұтты

ЧЛ: «Мансити» «Баварияны» ұтты

"Мансити" "Баварияны" ұтты. Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының кезекті матчы Германияда болды.

Манчестерлік және мюнхендік клубтардың қарымта кездесуі тең аяқталды.

Айта кету керек, бірінші кезеңде Эрлинг Холандқа жақсы мүмкіндік берілді. Бірақ, ол 11 метрлік айып добын голға айналдыра алмады. Холанд олқлытың орнын екінші кезеңде толтырды. 57-ші минутта қасыластар қателігін ұтымды пайдаланып, мергендігімен көзге түсті. Ал алаң иелері 83-ші минутта ғана таразы басын теңестірді. Онда да Йосуа Киммих 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Қорытынды есеп: 1:1. Ал Манчестер қаласында өткен алғашқы ойын 3:0 есебімен аяқталған болатын. Сәйкесінше, Манчестер Сити жарысты ары қарай жалғастырады және жартылай финалда Реалмен жолығады. Ал "Бавария» үшін чемпиондар лигасының биылғы маусымы осымен аяқталды.