Елордада әйелдер арасында ерекше форматтағы шахмат жарысы өтті
Сенсациялық жеңіске толы сайыс. Елордада әйелдер арасында ерекше форматтағы шахмат жарысы өтті.
Яғни, Қазақстанның ең мықты деген спортшылары әлемнің айтулы шахматшыларына қарсы ойнаған болатын. Жарыстың соңғы күні 17 жастағы Меруерт Камалиденова керемет нәтиже тіркеді. Ол 4 дүркін әлем чемпионы әрі әлемдік рейтинг көш бастар тұрған қытайлық Хоу Ифаньды ұтты. Ал ұлттық құрама сапындағы Алуа Нұманова 16 ойынның 11-інде жеңіске жетті. 1-еуі тең аяқтады. Бұдан бөлек, Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова сиқяты жерлестеріміз де ел намысын абыроймен қорғады. Бірақ, соған қарамастан жалпы есепте әлем құрамасы алға шықты. Қорытынды нәтиже 55:73.
Айта кетейік бұндай үлгідегі жарыс алғаш рет өткізіліп тұр. Ал оның жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрады.