Елордада аутист балаларға арналған спорттық шара өтті
Елордада «Шекарасыз шың» тақырыбында спорттық құзға шығу фестивалі өтті.
8 жеткіншек қатысқан шара, аутист балаларға арналған. Оның мақсаты – жеткіншектердің физикалық белсенділігін арттыру. Сондай-ақ қозғалысты үйлестіруді үйретіп, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Айта кетейік, қазір елде аутизмі бар жеткіншектердің саны 7000-ға жуықтайды.
Айман Әбуова, "Qadam School" орталығының директоры:
- Спорттық құзға шығу фестивалін ұйымдастырудағы мақсат - аутист балалардың бойындағы талантын ашып, олардың бұлшық еттерін шынықтыру. Мұндай шаралардың нәтижесінде бүлдіршіндер мен жасөпірімдердің физикалық белсенділігі артта түседі.
Сымбат Сапаров, қала тұрғыны:
- Баламның есімі Абылай. Осы спортпен айналысып жатқанына бір жылдай уақыт боп қалды. Ерекше балаларды тәрбиелеу оңай емес. және осындай шаралардың арқасында біз баланы спортқа баулу яғни оның денесін шынықтыру жағын дамыта аламыз. Сондықтан мұндай шаралар өте пайдалы.