Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі жақындады

Жаттығудың ең ауыр кезеңі аяқталды.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының да жекпе-жегі жақындады. Ол 13-ші мамырда АҚШ-тың Стоктон қаласында жұдырықтасады. «Спараингтер аяқталды. Осы аптада жылдамдыққа жұмыс істеймін. Одан кейін салмағымды реттеймін» - деді Жәнібек әлеуметтік желіге қалдырған жазбасында.

Айта кетейік, жерлесіміз канадалық Стивен Батлермен жолығады. Кейінгісі 27 жаста және бүгінге дейін 36 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның 32-сінде жеңіске жетті. Тпті, 26-сын уақытынан бұрын аяқтады. Жәнібектің көрсеткіші 13 жекп-жек, 13 жеңіс. Осының арқасында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Бұл атақты былтыр жекпе-жексіз алған еді. Артынша Жәнібек АҚШ төрінде британдық Дензель Бентлиді жеңіп, белдікке лайық екенін дәлелдеді. Енді екінші мәртке қорғайын деп отыр. Қос мқыты арасындағы жекпе-жекті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.