Он үші алтын: еліміз Ташкентте панкратионнан 41 медаль жеңіп алды
Тарихи жетістік.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында панкратионнан әлем чемпионаты өтті және ел намысын қорғаған қыз-жігіттер 41 медаль жеңіп алды. Оның 13-і алтын. Нәтижесінде ұлттық құрама жалпы есепте 1-орын алды.
Ел абыройын асқақтатқан спортшыларды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Диас Кабдулов жаттықтыратын спортшылар енді сәл тынығып, қайтадан дайындыққа кіріспек. Өйткені, осы қарқынды жоғалтпай, алдағы әлемдік және құрлықтық додаларда жеңіс жолын жалғастыру керек дейді команданың басы-қасындағы мамандар. Айта кетейік, әлем чемпионаты мамырдың 2-сі мен 4-і аралығында өтті және оған 500-ден аса қатысушы жиналды. Қазақстан өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға шығып отыр және жерлестеріміз медаль саны бойынша да рекордттық көрсеткіш тіркеді.
Нұртас Жұмағазыұлы, панкратионнан әлем чемпионы:
Мақсат Аманғазыұлы, қалалық панкратион федерациясы президентінің орынбасары: