Дзюдодан ұлттық құрама Дохада чемпионатқа дайындыққа кірісіп кетті
Ұлттық құрама Дохаға жетіп, жарыс алдындағы дайындыққа кірісті.
Ертең Қатар астанасында дзюдодан жылдың басты бәсекесі, әлем чемпионаты басталады. Байрақты бәсекеде, ел намысын 19 спортшы қорғайды. Араларында әсіресе ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралған Елдос Сметов бар. Ұлттық құраманың үздігі 60 келіде, белдесетін болды. Дәл осы салмақта тағы бір жерлесіміз Нұрқанат Серікбаев та, өнер көрсетеді. Орта салмақтарда Ғұсман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов және Данияр Шамшаевтарға үлкен үміт артылып отыр. Ауыр және аса ауыр салмақтарда Абылайхан Жұбаназар, Дидар Хамза және Нұрлыхан Шархандар белдеседі. Қыздар арасында Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова сияқты спортшылар, дүниежүзілік додаға қатысуға мүмкіндік алды. Әлем чемпионаты мамырдың 14-іне дейін жалғасады.