Жетісу облысының Басши ауылында еркін күрестен турнир басталды

Жетісу облысының Басши ауылында еркін күрестен облыстық турнир басталды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыс Қалибек Байденовты еске алуға  арналды. 1941 жылы дүниеге келген Қалибек Тұрысбайұлы ел біріншілігінің  жеңімпазы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы турнирдің чемпионы болған. Кезінде Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сынды  даңқты балуандармен қатар белдескен. Спорттық мансабын аяқтаған соң ол туған жерінде күрес өнерінің негізін қалаған. Оның шәкірттері  республикалық  және халықаралық додаларда топ жарып, құрылықтық бәсекелерде ел абыройын асқақтатып келеді. Ауыл азаматтары ұйтқы болған жарыс осымен екінші рет өткізіліп отыр. Оған Алматы қаласы мен өңірдің аудан қалаларынан келген екі жүзден аса бала қатысып жатыр. Жеткіншектер жиырма салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыларды анықтайды.

Асылбек Қабижан, жарысқа қатысушы:

- Менің күреске қатысқаныма төрт ай болды. Бұл менің алғашқы жарысым, Осы Басши ауылының атынан шығып отырмын. Мен осы Марғұлан Әсембеков сияқты балуан болғып келеді. Марғұлан Әсембеков сияқты болу үшін мен дайындалам күресем.

Айдос Ахметбеков, жарысты ұйымдастырушы: 

- Осы кісінің шәкірттері әлемдік деңгейдегі шәкірттерді дайындап Қазақстанымыздың мықты бір азамат болуына еңбегін сіңірген. Алғашқы ауылымызға еркін күресті дамытқан Қалибек Байденов ағамыз.