Астанада мерекелік эстафета ұйымдастырылды
Жеңіс күніне орай Астанада жеңіл атлетикадан эстафета ұйымдастырылды.
Командалық сайысқа қала мектептері, колледждер мен жоғарғы оқу орындарынан 200-ден астам желаяқ қатысты. Олар 10 кезеңнен тұратын 2200 метр қашықтыққа жүгірді. Он адамнан құралған команда сапындағы қыздар 4 кезеңде өнер көрсетсе, ұлдар сайыстың алты кезеңінде жарысты. Командалық сайыста жеңіске жеткендер кубок, медаль, дипломдармен марапатталды.
Рамазан Бейбітов, жарысқа қатысушы:
- Өте оңай болды, эстафеталық шақырым болғаннан кейін. бұл жерде ең бастысы командалық жұмыс. Командамен жақсы жұмыс жасау білу керек. Командамен ауызбіршіліктің арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Осы эстафеталық жарыстың құпиясы секундтарға байланысты. Яғни әр команда мүшесі қолға таяқты берген кезде өте дайын сақ болып тұруы тиіс. Командалар мен университеттер арасында негізгі айырмашылық осы жерде болып жатады.
Дәулет Хамзин, жарыстың бас төрешісі:
- Бұрынғы кездерді алсақ, 30-40 командалардан қатысатын. Биыл міне 23 команда қатысып отыр. Көп демалыс болғаннан кейін студенттер кетіп қалады, колледждерімізден жақсы-жақсы балалар кетіп қалады да үйлеріне. Содан аз, колледждер мен ЖОО-нан командалар аздау, ал мектептен әжептәуір. Жылдан жылға командаларымыз көбейе ме деп сондай үмітіміз бар.