Дохаға Қазақстаннан барған дзюдошылар жүлде ұтпай отыр
Жерлестердің жолы болар емес.
Қатар астанасында дзюдодан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін міне төртінші жарыс күні аяқталды және әлі күнге дейін қоржынымыз бос. Кезекті жарыс күні қос бірдей спортшымыз өнер көрсетті. Әйелдер арасында Эсмигүл Күйілова екінші айналымда Ресей спортшысынан ұтылып, іріктеу кезеңінен аса алмады. Ал ерлер арасында 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар да екінші кезеңде бразилиялық қарсыласына есе жіберді. Алда әлі 3 жарыс күні бар. Ұлттық құрама мүшелері бас-аяғы 14 салмақта бақ сынап, жүлдеге таласады.
Абылайхан Жұбаназар, ұлттық құрама мүшесі:
- Екінші кездесудегі бразилиялық қарсыласым онымен ешқандай қиындық болмады. Жақсы дайындалып, жақсы ұтып жатқам. Өкінішке орай, өзім асығып кеттім. Екі шидо алды, екі шабуыл жасадым. Тағы бір атака жасасам үшінші шидо береді. Соған жұмыс істеймін деп асығып, сол қателіктердің кесірінен ұтылып қалдым.