Ташкент қаласында боксшымыз финалға шықты
3 жекпе-жек – 3 жеңіс.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионаты қыза түсті. Жартылай финалдық кезең аясында шаршы алаңға шыққан жерлестер шетінен жеңіске жетіп жатыр. Ең алдымен жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кету керек, Санжар ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш қатысып тұр.
Санжар Тәшкенбай, ұлттық құрама мүшесі:
- Санжардың жеңіс жолын артынша Махмұд Сабырхан жалғады. 54 келіде өнер көрсететін шымкенттік боксшы кубалық Йосвани Вейтиамен кездесті. Айта кету керек, қарсыласы тәжірибелі боксшы. Соған қарамастан Махмұд өте белсенді қимылдап, жеңісті жұлып алды. Енді ол финалда әлем чемпионы деген атаққа таласады.
Махмұд Сабырхан, ұлттық құрама мүшесі:
- Орта салмақтағы Дулат Бекбауов та өте сәтті өнер көрсетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Жалпы жартылай финалға бас-аяғы 5 боксшымыз шыққан болатын. Дүниежүзілік додаға 13 боксшымыз аттанды. Ал қатысушылардың жалпы саны 600-ден асады. Биылғы бәсекеге 104 елдің өкілдері жиналды. Өзбекстан астанасындағы әлем чемпионатының жалпы қорытындысы 14-ші мамырда белгілі болады.