Боксшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Боксшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай – әлем чемпионы.

Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ең жеңіл салмақтағы алтын жүлде жерлесімізге бұйырды. Санжар финалда грузиялық Сахил Алахвердовиді айқын басымдықпен ұтты. Бұл 20 жастағы отандасымыздың алғаш рет ересектер арасындағы дүниежүзілік додаға қатысуы. Артынша шаршы алаңға тағы бір қазақстандық Дулат Бекбауов шығып, әлем чемпионы атағын сарапқа салған болатын. Бірақ ол ақтық сында өзбекстандық боксшыға есе жіберді. Қоржынымызда әзірге 1 алтын мен 1 күміс бар. Олардың саны ертең еселенері анық. Өйткені финалдық сынға тағы 3 боксшымыз, яғни Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай да жолдама алды.