Бокстан әлем чемпионаты: ел қоржынына екінші алтын түсті
Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта бокстан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақстандық спортшы финалда Өзбекстандық қарсыласы Ойбек Юраевты жеңді. Осылайша, ел қоржынында әлем чемпионатынан 2 алтын бар. 21 жастағы Махмуд Сабырхан үшін бұл – ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы екінші медаль. Бұрын күміс жүлдегер болған. Биыл сондай-ақ Азия жастар чемпионатының жеңімпазы да атанды.