Боксшы Асланбек Шымбергенов ел қоржынына үшінші алтынды салды

Боксшы Асланбек Шымбергенов ел қоржынына үшінші алтынды салды
prosports.kz

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жамбыл облысының өкілі, Азия жеңімпазы А.Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта екі мәрте құрлық чемпионы, өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.

Асланбек бірден жекпе-жек тізгінін қолына алды. Өзбекстандық боксшының мұрны да қанады. Бірінші раунд есебі – 5:0. Екінші кезеңде таразы басы С.Джафаровқа ауды – 3:2. Қорытынды есеп – 5:0.