«Манчестер Сити» Англия чемпионы атанды

«Манчестер Сити» Англия чемпионы атанды

Қазақстан премьер-лигасы енді қызса, ағылшын премьер-лигасында жаңа чемпион анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Манчестер Сити» дәл қазір Англияда ғана емес, әлемдегі ең мықты ұжым екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Гвардиола шәкірттерінің басты қарсыласы «Арсенал» шешуші сында сүрінді. 37-ші турда Лондон клубы «Ноттингем Форесттен» жеңіліп қалды. Ағылшын премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалғанда «Манчестер Сити» қарсыласынан қара үзіп кетті. Биыл көк жейделі жігіттердің жолы болып тұр. Ұлттық біріншілікте топ жарды. Енді Англия кубогы мен Чемпиондар лигасының финалында ойнайды. Егер негізгі 3 бірдей турнирде топ жарса, 1999 жылғы «Манчестер Юнайтедтің» жетістігін қайталайды.

Пеп Гвардиола бапкер ретінде 33-ші жүлдесіне қол созды. Испаниялық жаттықтырушы «Барселонамен» 14 мәрте жүлде алса, «Бавариямен» 7 рет жеңіске жетті. Манчестердегі 7 жылдық мансабында 12-ші алтынын еншіледі.